26-06-2020, 18:10

"Каспий" кәсіптік футбол клубының басшысы ретінде Сейтқазинов Санжар Дүйсембайұлы тағайындалды.

Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының "Каспий" кәсіптік футбол клубының" басшысы қызметіне өткізілген конкурсқа байланысты, комиссия мүшелерінің шешімімен, басқарма басшысы Нұрбек Жұмабекұлы Қарабала бұйрығымен ағымдағы жылдың 22 маусымынан бастап "Каспий" кәсіптік футбол клубының басшысы ретінде Сейтқазинов Санжар Дүйсембайұлы тағайындалды.

Санжар Дүйсембайұлы, ойын спорт түрлерінен кәсіби қайта даярлау мамандығы бойынша Мәскеу қаласында RMA бизнес мектебін аяқтаған.
2009 ж. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінде халықаралық қатынас мамандығын аяқтаған.

Қазақша, орысша, түрік, ағылшын тілдерін толық меңгерген.

Президенттік спорт саласы бойынша жастар кадрлық резервінің мүшесі.

Қазақстандағы "Juventus" академиясының ресми серіктесі.

Құрметті, Маңғыстаулықтар Санжар Дүйсембайұлының еңбек өтілімен таныс болыңыздар!!!

2010-2014 ж.ж. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас сарапшысы.

2014 жылы Қазаэронавигация» РМК сыртқы байланыстар басқармасының басшысы.

2013-2016 ж.ж «Қазақстан Республикасының самбо федерациясы» РМО коммерциялық директоры.

2015 ж. "Zhakim Invest" ЖШС директоры.

2015-2018 ж.ж. "СеверАгроПродукт" ЖШС-нің комерциялық директоры.

2019-2020 ж.ж. "Rodes Tech" ЖШС-нің директоры.

Құрметті, Санжар Дүйсембайұлы жаңа қызметіңіз құтты болсын. Маңғыстау облысының футболын дамытуға зор үлес қосып, Сіздің басшылығыңызбен "Каспий" футбол клубы Премьер Лига Чемпиондары болады деп сенім білдіреміз.

"Каспий" кәсіптік футбол клубының басшысы ретінде Сейтқазинов Санжар Дүйсембайұлы тағайындалды.шаблоны для dle

Добавить комментарий:

Информация

Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.