Маңғыстаумұнайгаз ҚР-нің кубогінің күміс жүлдегері атанды
Мамырдың 8-10 аралығында Нұр-Сұлтан қаласында шағын-футболдан ардагерлер арасындағы Қазақстан Республикасының Кубогі өтті. Қазақстан Кубогі екі санатты дәрежеден өтті: 40 жастан жоғары және 50 жастан жоғары. Жарыстың екі санатындада Ақтаулық Маңғыстаумұнайгаз командасы қатысқан болатын. 40 жастағы ардагерлеріміз топтық кезеңнен және жартылай финалдан өтіп, финалдық ойында Қарағандының Прогресс командасымен тең ойнап 2:2 пенальтиден есе жіберіп қойып жарыстың күміс жүлдегерлері атанған болатын. 50 жастағы Маңғыстаулық ардагерлер топтық кезеңнен өтіп, жартылай финалда және 3 орынға арналған ойындарында жеңіліс тауып жарыстың 4 орынында тұрақталған болатын. Ысмағұлов Самат жарыстың үздік қақпашы атанды.
Добавить комментарий: