2006-2008 жылы туылған балалар арасындағы Ақтау қаласының ашық біріншілігі аяқталды
Бүгін "Каспий" КФК базасында 2006-2008 жылы туылған балалар арасындағы Ақтау қаласының ашық біріншілігі өз мәресіне жетті.
Сағат 10:00-де алаңға бірінші жартылай финалдың қатысушылары шықты: №5 және №21 орта мектептердің футболшылары.
Екі команданың арасындағы тартысты ойында жеңіске 2:0 есебімен №21 мектептің жігіттері қол жеткізді. Бұл ойында голдарды өз есептеріне Басықара Нұрсұлтан және Есімбекұлы Саят жазды.
11:00-де футбол ойынын тамашалауға келген көрермендер 12-ші шағынаудынның дербисін қарады: футбол алаңына жеңімпазды анықтауға №12 және №13 орта мектептерінің ойншылары шыққан болатын. Бұл ойында 4:1 есебімен 13-ші мектептің жігіттері мықтылау болды. Жеңімпаздар командасының сапында 2 гол соғып көзге Рет Азамат түсті.
12-ші мектеп командасы екі голды өз қақапасына соғып, қарсылас команданың қақпасына тек ғана бір допты жеткізген болатын. Гол соққан Муханов Айбар.
Осылайша финалға №21 және №13 мектеп ойншылары жолдама алды, ал №5 және №12 мектептер 3-ші орынға таласатын болды.
3-ші орынға таласта №12 мектептің жігіттері 4:2 есебімен жеңімпаз атанып, біріншіліктің қола медальдарын иеленді. Бұл ойында хет-трик жасап, ойынның басты кейіпкер атағына Қанат Арын ие болы. Қалған голдары соққандар: Джалишев Алишер - Мұрзахан Еркебұлан және Ильич Олжас.
Ақтық сыңға келетін болсақ, №21 және №13 орта мектептерінің арасындағы кездесу өте тартысты өтті. Екі команда да біріншіліктің жеңімпазы атануға тұрарлықтай ойын өрнегін көрсетті. Бірінші таймда есепті № 13 мектептің ойыншысы Сәду Ақылбек ашса, екінші таймда Рет Азамат біріншіліктегі өзінің 20-шы голын соғып, есепті 2:0-ге жеткізді.
Екі гол жіберіп алған № 21 мектеп ойыншылары жеңіске деген ұмтылыс көрсетіп шабуылға бар күшін салды. Есесінде Есімбекұлы Саят қанжығасын майлап есепті 2:1 қылды. Ойынның соңғы минуттарына шейін № 21 мектеп есепті теңестіруге бар күшін салған болатын, бірақ есеп өзгеріссіз қалды. Біріншіліктің жеңімпаздары болып №13 мектептң оқушылары атанды.
Ойыннан соң командаларға және ойыншыларға жүлделер сыйланды:
I орын - № 13 жалпы білім беру орта мектебі.
II орын - № 21 жалпы білім беру орта мектебі.
III орын - № 12 жалпы білім беру орта мектебі.
Үздік ойыншы - Рет Азамат (№ 13 мектеп)
Үздік жаттықтырушы - Бисенбаев Аятберген (№ 21 мектеп)
Үздік қорғаушы - Сәду Ақылбек (№ 13 мектеп)
Үздік қақпашы - Ғалым Бексұлтан (№ 21 мектеп)
Көрермендер сыйлығы - Мұрзахан Еркебұлан (№ 5 мектеп).
Марапаттау рәсіміне Ақтау қалалық спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы Жұмабаев Қанат Қошқарбайұлы, "Каспий" кәсіби футбол клуб басшысының орынбасары Василий Анатольевич Юрченко және Маңғыстау облыстық футбол федерациясы президенті Балтілеу Ғалымжан Айдарбайұлы қатысты.
Маңғыстау облыстық футбол федерациясы 2006-2008 жылы туылған балалар арасындағы Ақтау қ. ашық біріншілігінің өткізілуіне атсалысқан Ақтау қалалық спорт және дене шынықтыру бөліміне және "Каспий" кәсіби футбол клубына алғысын білдіреді.
2006-2008 жылы туылған балалар арасындағы Ақтау қаласының ашық біріншілігіне 20 команда және 300-ден аса балдар қатысты.
Біріншіліктің соңғы күніндегі түсірілген суреттерді мына сілтемелер арқылы тамашалай аласыздар: https://vk.com/album-150891874_247519981 және https://www.facebook.com/pg/ffaktau/photos/?ref=page_internal

Добавить комментарий: