1-12-2016, 12:35

ҚАЛАМҚАС КЕНОРНЫНДА ФУТЗАЛДАН АШЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

Қаламқас кенорнында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, футзалдан Маңғыстау облысының ашық турнирі өтті, - деп хабарлайды «Қазақстан футболын дамыту» қоғамдық қоры баспасөз қызметі.

ҚАЛАМҚАС КЕНОРНЫНДА ФУТЗАЛДАН АШЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

Іс-шараның ұйымдастырушылары «OSC» ЖШС және «OSC» кәсіподақ ұйымы.

Жарысқа мұнай компанияларының командаларынан бөлек Шетпе, Шебір, Таушық және Жетібай ауыл жастарынан құралған командалар қатысты. Жарысқа қатысқан командалардың жалпы саны 12.

«Аталған турнирді өткізудегі мақсатымыз мұнайшылар арасында салауатты өмір-салтын насихаттау ғана емес, жалпы «OSC» мекемесінің оң имиджін қалыптастыру»,- деп атап өтті «OSC» ЖШС бастығы Масатов Мырзағали Санатбайұлы өзінің құттықтау сөзінде.

Жарыс нәтижесі бойынша жүлделі бірінші орынды «OSC-1» командасы иеленсе, екінші орынды Шетпе ауылы футболшылары, ал үшінші орынды «OCC» мекемесінің мұнайшылары қанжығасына байлады.

Жеңімпаздар дипломдар, медальдар және кубоктармен марапатталды.

ҚАЛАМҚАС КЕНОРНЫНДА ФУТЗАЛДАН АШЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

Жартылай финал:
OSC-1 – УТТиОС 8:2
Шетпе – OCC 6:3

З – орын
УТТиОС – OCC 3:4

Финал
OSC-1 – Шетпе 8:4

Материал: Бекмаганбетов М.шаблоны для dle

Добавить комментарий:

Информация

Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.