«СЕМСЕР» ФУТЗАЛ КОМАНДАСЫ ЖАҢАӨЗЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ЕКІ ДҮРКІН ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Жаңаөзен қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған, футзалдан Жаңаөзен қаласының чемпионаты аяқталды.
Қыркүйектің аяғында Жаңаөзенде футзалдан қалалық біріншілік бастау алды, оған 7 команда қатысты. 7 үміткерлердің ішінен қаланың ең күшті командасын айқындау үшін екі ай қажет болды.
Жарыс нәтижесі бойынша жүлделі бірінші орынды «Семсер» командасы иеленсе, екінші орынды «ӨзенМұнайСервис» мекемесінің ойыншылары, ал үшінші орынды «ҚазГПЗ» мекемесінің қанжығасына байлады. Жеңімпаздар дипломдар, медальдар және кубоктармен марапатталды.
Айта кетейік, «Семсер» командасы осылайша Жаңаөзен қаласының екі дүркін чемпионы атанып отыр. Команда 2015 жылы өткен қала чемпионатында да топ жарған болатын.
- «Семсер» командасының жеңісі күтпеген сыйлық емес, - деді жарысты ұйымдастырушы Батыржан Қорғанбаев, - команданың құрылғанына төртінші жыл, республикалық турнирлерге қатысып келеді, және жарыстарда ойнау тәжірибесін жинақтады. Ал басқа командаларға қатысты – оларда келешектерінен үміт күттіретін ойыншылар бар, және оларға спортты тастап кетпесе екен деген тілекті айтқым келеді. Кейбір жастардың бірінші турнирі, және олар бірден мықтылармен ойынға түсті. Болашақта олардан үлкен жеңістер күтуге болады».
Іс-шараның жабылу салтанатында чемпионаттың құрметті қонағы «ӨзенМұнайСервис» мекемесінің бас директоры Суюнов Нұрсейт Жомартұлы жарысқа қатысушыларды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Абишов Қайрат (СЕМСЕР) - Үздік қақпашы
Қожанов Ақылбек (КазГПЗ) - Үздік қорғаушы
Шыртанов Әділет (ӨзенМұнайСервис) - Үздік шабуылшы

Добавить комментарий: