5-12-2019, 17:01

Кубок иегері "Жетібай" командасы

1 желтоқсан күні аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің Жетібай бөлімшесі спорт залында футзалдан Қарақия ауданы кубогі өзінің мәресіне жетті. Финалдық кездесуде Құрық ауылының "Руслан" командасы мен Жетібай ауылының "Жетібай" командалары өзара кездесті. Кездесудің алғашқы минуттарында Жетібайлықтар өте ширақ ойнап есепті 3:1 ге жеткізді, алайда тайм соңында командалар доп алмасып 1 кезең 4:2 есебімен аяқталды. 2 кезеңде де командалар өзара доппен алмасты, кездесудің соңғы минуттарында "Жетібай" командасы 2 доп соғып алға шыққанмен "Руслан" командасыда доп соғып жауап берді. Тартысты кездесу 6:5 есебімен "Жетібай" командасының пайдасына шешілді. Финалист командаларға естелік төсбелгілер, дәрежелі дипломдар, ал жеңімпаз атанған "Жетібай" командасына Кубок табыс етілді. Марапаттау рəсімін Жетібай ауылы әкімі Асанов Қуаныш Сырымұлы мен бөлім басшысы Дүйсенбай Атағараев жүргізді.

Кубок иегері "Жетібай" командасы
Кубок иегері "Жетібай" командасы
Кубок иегері "Жетібай" командасышаблоны для dle

Добавить комментарий:

Информация

Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.