26-06-2020, 18:08

МО футбол бойынша ОРМБЖСМ басшысы ретінде Марат Бағзалұлы Такенов тағайындалды

Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының "Маңғыстау облыстық футбол бойынша олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар және жасөспірімдер спорт мектебі" басшысы қызметіне өткізілген конкурсқа байланысты, комиссия мүшелерінің шешімімен, басқарма басшысының бұйрығымен ағымдағы жылдың 22 маусымынан бастап Маңғыстау облысының футбол бойынша олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы ретінде Марат Бағзалұлы Такенов тағайындалды.

Құрметті, Маңғыстаулықтар Марат Бағзалұлының еңбек өтілімен таныс болыңыздар!!!

2005 жылы қызметін заңгер көмекшісінен бастаған.

2006-2007 Қорғаушы (адвокат) көмекшісі қызметін атқарған.

2007-2009 ж.ж. "Gefest и К" ЖШС-де бас менеджер.

2009-2011 ж.ж. "Қазахтелеком" АҚ дебиторлық төлем бойынша 2 санаттағы маман.

2011-2014 ж.ж. "Қазахтелеком" АҚ
1 санаттағы маман.

2014-2018 ж. ж "Маңғыстау облысының футбол федерациясы" Ассоциациясының" вице президенті.

2018-2019 ж.ж. "Порт Құрық" экономист.

2019-2020 ж.ж. Маңғыстау облыстық футбол федерациясы президенті.
Марат Бағзалұлы Маңғыстау футбол федерациясы президенті қызметінде, 26 шағын ауданда 14 мектеп жанынан "LLF арена" спорт алаңын демеушілер арқылы және Федерация тарапынан қаржы бөліп жастарға футболмен айналысуға мүмкіндік жасады. Сонымен қатар, Маңғыстау облыстық футбол федерациясы қала тұрғындары мен қонақтары арасында жылына 30-ға жуық чемпионаттар, турнирлер өткізді. Барлық жас аралығында өткізілген чемпионаттар мен турнирлерде 2000 -ға жуық спортшыны қамтыды.
Құрметті, Марат Бағзалұлы жаңа қызметіңіз құтты болсын. Өлкеміздің спортын дамыту жолында Сізге толағай табыстар тілейміз.

МО футбол бойынша ОРМБЖСМ басшысы ретінде Марат Бағзалұлы Такенов тағайындалдышаблоны для dle

Добавить комментарий:

Информация

Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.