Талғардағы ұлттық құраманың базасында аймақтық қауымдастықтардың қатысуымен жиын өтті
Шара Қазақстанның УЕФА-ға қабылданғанына 20 жыл толуына байланысты орайластырылды.
ҚФФ Президенті Әділет Барменқұловтың аймақтық қауымдастықтардың өкілдерімен кездесуінде қазақстандық футболды дамыту стратегиясының жобасы мен оның басым бағыттарын жүзеге асыру жолдары талқыланды.
Сонымен қатар жиында 2022 жылдың 17 наурызы мен 4 сәуірі аралығында 17 аймақтық футбол қауымдастықтары мен 100-ден астам мамандардың (футбол клубтары мен спорт мектептерінің директорлары, бапкерлер мен төрешілер және т.б.) қатысуымен онлайн және офлайн форматтарында өткізілген фасилитациялық кездесулердің есептері тыңдалды.
Өңірлерде футболды дамытумен айналысатын қызметкерлер жетістіктерімен бөлісіп, өзекті мәселелеріне де тоқталды. Сонымен қатар, футболды дамыту бойынша ойларын ортаға салды. Бұл өз кезегінде әрі қарай оң шешімдердің жолын табуға көмектеседі.
Кездесуде басты міндеттердің бірі байланыстың жаңа үлгісін орнатып, қатысушылардың бір-бірімен жоғары деңгейде қарым-қатынасын нығайту қажет екені айтылды. Бұл үшін аймақтармен ортақ жұмыс жүйесін құрып, жаңа бағдарламалар қабылдау шарт. Сол арқылы аймақтық қауымдастықтардың мәртебесін арттырып, олардың жұмысын бағалау мүмкіндігі туындайды.

Добавить комментарий: