Маңғыстау облыстық футбол федерациясы төрешілерді дайындау курстарын аяқтады
Маңғыстау облыстық футбол федерациясы төрешілерді дайындау курстарын аяқтады. Семинар екі кезеңде өтті: теориялық және физикалық сабақтар. Оны ұлттық санаттағы төрешілер Қалимағанбетов Нұрлыбек және Дзусов Роман жүргізді. Семинарларға: «MFL Ақтау қаласының ашық Біріншілігі 2023» матчтарына қызмет көрсететін төрешілер қатысты. Семинарлар нәтижесінде төрешілерге Маңғыстау облысы футбол федерациясының Президенті Такенов Марат және вице-президенті Сейтбаттал Еркебұлан сертификаттар табыс етті.
Добавить комментарий: