Маңғыстау облысының футбол жаттықтырушыларына арналған оқыту семинары өтті
«Жас Қанат» стадионының базасында Маңғыстау облысының футбол жаттықтырушыларына арналған оқыту семинары өтті. Маңғыстау облыстық футбол федерациясы «Каспий» футбол клубымен бірлесіп УЕФА-ның «D» санатындағы біліктілігін арттыру курстарын өткізді. Курсқа қатысушылар теориялық және практикалық білім алды. Сабақ берушілер: «Каспий» футбол клубының жаттықтырушылары Кельджанов Асқар (УЕФА «А» санаты) және Оймағанбетов Жасұлан (УЕФА «В» санаты), сондай-ақ жоғары санатты ұлттық төреші Максим Мельников. Алынған УЕФА-ның «D» санатты сертификаты әуесқойлар, жастар, әйелдер және ардагерлер футболында ресми жұмысқа тұру құқығын береді. Маңғыстау облыстық футбол федерациясының вице-президенті Сейтбаттал Еркебұлан семинар аяғында болашақ жаттықтырушыларға сертификаттар табыс етті.
Добавить комментарий: