Ақтауда мешіттер арасында футболдан жарыс өтті
Ақтаудағы «Каспий» спорт кешенінде Маңғыстау облыстық орталық мешітінің кубогына арналған шағын футболдан турнир өтті. Ұлы Жеңістің 70 жылдығы мен Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдық мерейтойына арналып өткізілген шара облыстық орталық мешіт пен Ақтау қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен жүзеге асты.
Жарыстың ашылу салтанатына өкіл имам С.Сейтбеков , Маңғыстау облыстық ҚХА-ы хатшылығының меңгерушісі Г. Есмурзина мен Ақтау қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Н.Жайлимов қатысып, сөз сөйледі.
«Биылғы жыл елімізде тарихи –саяси оқиғалардың, атаулы күндердің көптігімен ерекшеленеді. Біз бұған дейін де Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған турнирлер өткізгенбіз. Бүгінгі шара ұлтаралық татулықты насихаттау, бірлік пен бауырластықты күшейту мақсатында жасалып отыр»,- деді С.Сейтбеков.
«Елбасымыз: «Ассамблея деген ол -17 миллиондық қазақстандық» деген болатын. Әрқайсысымыз қай салада жұмыс жасасақ та өз еліміздің дамуына үлес қосып жүрміз. Бүгінгі шараға да ат салысып, әр түрлі ұлт өкілдерінен құралған команда жинадық. Команда құрамында әзірбайжан, дағыстандық, татар, башқұрт, қазақ ұлтының өкілдері бар» ,- деді Г.Есмурзина.
Жарысқа қала, аудан мешіттерінің діни қызметкерлері мен жамағатынан құралған 15 команда қатысты. Сондай-ақ, облыстағы этно - мәдени бірлестіктердің мүшелерінен құралған футбол командасы да өз ойынын көрсетті.
2 күнге созылған турнир нәтижесінде іріктеу турынан өтіп финалдық жарыста үздік өнер көрсеткен Теңге ауылынан келген футбол командасы 1 орынды жеңіп алды. 2 орынды Маңғыстау облыстық орталық мешітінің футбол командасы иеленсе, 3 орын Мұнайлы аудандық мешітіне берілді. Жүлдегерлерге арнайы қаржылай сыйлықтар мен Маңғыстау облыстық орталық мешітінің кубогы табыс етілді.

Добавить комментарий: