30-04-2015, 17:17

Қазақстан Республикасының президенті сайлауына байланысты футзалдан жарыс өтті

"Ел боламын десең, бесігіңді түзе" деген данышпан халқым. Ал "бесікті түзеу" ісін салауатты ұрпақ қалыптастырудан бастаған абзал болар, өйткені тек дені сау, еңбекке жарамды, сан түрлі қатерлі індеттер мен әдеттерден ада халық қана жарқын болашақтың негізін қалай алмақ! Сол себепті де, ел боламын деген әр бір қаракөз, салауатты өмір салтын насихаттап, оны қалыптастыру ісіне білек түріп кірісуі шарт.
"Маңғыстаумұнайгаз" АҚ жанындағы Жас мамандар кеңесі де осы қағиданы берік ұстанып келеді. Оның бір дәлелі үстіміздегі айдың 20-22 аралығында Жас мамандар кеңесі мен "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ жанынан құрылған ҚР президенті сайлауын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі штабтың ҚР президентінің сайлау күніне орай өткізген "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ футзалдан ашық біріншілігі. Үш күнге созылған тартысты додаға "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ қызметкерлерінен құралған "ММГ", "ҚМГ", "ЖМГ", "АУП" және мердігер компаниялар қызметкерлерінен құралған "АНС" командалары қатысты. Теңбіл допты мейлінше шебер игерген өнерпаздар намысты қолдан бермеуге тырысып, өз ара бақ сынасты. Қай-қайсысы да жеңімпаз болуға лайықты, салауатты өмір қағидаларын берік ұстанған жігіттер, әдемі ойын көрсетіп, көрермендер көңілін аулай білді.
Сонымен ойын қорытындысы мынадай болды:
I орын "АНС" командасы;
II орын "ММГ" командасы;
III орын "ҚМГ" командасы.
Алғашқы үштікке енген командалар алғыс хаттар мен жеңімпаз кубогынан бөлек сәйкесінше 100 мың, 80 мың, 50 мың теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықтарға ие болса, қалған топтарға 15 мың теңгеден ынталандыру сыйлықтары табысталды. Сондай-ақ, арнайы номинациялар тағайындалып "ММГ" командасының қақпашысы Сүйіндіков Рафаэльге "Шебер қақпашы", ал "АНС" командасының ойыншысы Төретаев Ғамзатқа "Үздік ойыншы" атақтары мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Қазақстан Республикасының президенті сайлауына байланысты футзалдан жарыс өтті
Қазақстан Республикасының президенті сайлауына байланысты футзалдан жарыс өтті
Қазақстан Республикасының президенті сайлауына байланысты футзалдан жарыс өтті
Қазақстан Республикасының президенті сайлауына байланысты футзалдан жарыс өтті
Қазақстан Республикасының президенті сайлауына байланысты футзалдан жарыс өтті
Қазақстан Республикасының президенті сайлауына байланысты футзалдан жарыс өтті
Қазақстан Республикасының президенті сайлауына байланысты футзалдан жарыс өттішаблоны для dle

Добавить комментарий:

Информация

Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.