13-06-2015, 16:02

«Маңғыстаумұнайгаз» құрамасы үздіктер қатарында!

«Маңғыстаумұнайгаз» құрамасы үздіктер қатарында!

6-маусым күні Мәскеу қаласында Ф.Ф. Черенков атындағы «Спартак» футбол Академиясы алаңында кіші фтболдан дәстүрлі салааралық «ФИНАМ Кубогі» турнирі өтті.
«ФИНАМ Кубогі» - Ресей Федерациясының «РУСПОРТИНГ» компаниясы мен «ФИНАМ» инвестициялық холдингі қолдауымен өткізілген корпоративтік командалар арасындағы спорттық мереке. Ірі футбол жарыстарын ұйымдастыру бағытында аса тәжірибелі кәсіби төрешілер тобы төрелік ететін, ұйымдастырушылық деңгейі жоғары аталмыш турнир әрқилы экономика секторында кеңінен танымал. Өйткені турнир шағын-футболды кеңінен насихаттау арқылы компания қызметкерлерінің бос уақытын тиімді ұйымдастыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатын көздейді.

Биыл ұшінші рет өтіп отырған халықаралық додаға 20 әуесқой футбол командасы қатарында «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамының қызметкерлерінен жасақталған футбол құрамасы да бақ сынап қайтты. 2 күнге созылған турнирде компаниямыздың намысын қорғаған «Маңғыстаумұнайгаз» құрамасы жеті кездесу өткізіп, финалда ресейлік «Рост-Телетот» командасын 1:0 есебімен жеңіп, жеңіс тұғырынан көрінді.

Аяқ доп шеберлерінің аламанында өз басымдылықтарын байқатқан біздің команда «ФИНАМ Кубогын» жеңіп алды, алғыс хат пен бағалы сыйлықтарына ие болды. Сондай-ақ турнирдің біздің әріптестеріміз «ең ұздік қақпашы», «ең үздік бомбардир» атақтарын еншіледі. Компания қауіпсіздік қызметінің технигі Текеев Рахымжан қарсыластар қақпасына ең көп гол соғып, турнирдің «Ең үздік бомбардирі», «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасының геологы Ходжаев Бауыржан «Ең үздік қақпашы» танылды.

«Маңғыстаумұнайгаз» компаниясы құрамасы бұған дейін де Түркияда өткен жарыста жақсы өнер көрсеткен еді. Алдағы уақытта компаниямыздың беделі мен намысын жоғары додаларда қорғап, үлкен жетістіктерге жететініне сенеміз. Осы турнирге қолдау көрсеткен «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Басқармасы – Сунь Синьюнь мен Б. Иманбаевқа және «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасы кәсіподақ ұйымының төрағасы Т. Мысамбаевқа алғыс айтамыз», - дейді спорт нұсқаушысы С. Темірхасов.

«Маңғыстаумұнайгаз» құрамасы үздіктер қатарында!
«Маңғыстаумұнайгаз» құрамасы үздіктер қатарында!
«Маңғыстаумұнайгаз» құрамасы үздіктер қатарында!
«Маңғыстаумұнайгаз» құрамасы үздіктер қатарында!
«Маңғыстаумұнайгаз» құрамасы үздіктер қатарында!шаблоны для dle

Добавить комментарий:

Информация

Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.