"Мобил-Сервис" ардагерлер командасы Атырауда өткен халық аралық турнирге қатысты
Ақтаулық "Мобил-Сервис" ардагерлер командасы 17-19 қарашада Атырауда өткен Харесұлы Ғарифолланы еске алуға арналған кіші аяқ добынан халық аралық турнирге қатысты. Аталған жарыста 8 команда бақ сынаған болатын. Оның ішінде Ресейден келген "Оренбург" командасыда болды. Жерлестеріміз жереби барысында "А" тобына түсіп: КеденТрансСервис, Дамба және Құрманғазы командаларымен кездесті. Тобында 3 ойын ойнап, 2 ойынында жеңіске жетіп, 1 ойынын тең ойнап, 7 ұпаймен "А" тобын көш бастап жартылай финалға аттанған болатын. Жартылай финалда ақтаулықтар Ресейден келген қонақ командасы Оренбургпен кездесіп өкінішке орай 3:5 есебімен жеңіліске ұшырады. Мобил-Сервис 3 орынға арналған ойында Атыраулық "Залина" командасымен кездесіп 2:2 есебімен тең түсіп, пенальтиден 1:2 есебімен жеңіліп, өкінішке орай жарыстың 4 орынында тұрақталды.
"А" Тобы
Ойын нәтижелері:
КеденТрансСервис - Мобил-Сервис 2:2
Мобил-Сервис - Дамба 1:0
Мобил-Сервис - Құрманғазы 5:0
1/2 финал
Мобил-Сервис - Оренбург 3:5
3 орынға арналған ойын
Залина - Мобил-Сервис 2:2 (пенальтиден: 2:1)
"Мобил-Сервис" қақпашысы Чуакбаев Бахтиярға жарыстың ең "Үздік қақпашы" атағы берілген болатын. Сондай-ақ Ақтау футболының түлегі Атыраулық "КеденТрансСервис" командасының сапында өнер көрсеткен Мақсат Изтаев жарыстың "Үздік бомбардиры" атанып және жарыстың күміс жүлдесін ұтып алған болатын.

Добавить комментарий: